Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа – XXI маусымы салтанатты түрде ашылды.
2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды табиғатты қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталған.
Биыл облыстың 9 ауданы мен 2 қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылатын болады. Жоба әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылардың және NEET санатындағы жастарды қолдауға басымдық берілген.
Жас сарбаздар өңірді абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Оларға еңбекақы төленіп, арнайы жұмыс киімдері берілген. Бұл бастама «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық шаралардың жалғасы болмақ.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін жас сарбаздар Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын өткізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау тақырыбында түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Жоба аясында еңбек еткен жастар ай сайын орта есеппен 85 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.
Соңғы үш жылда Алматы облысында «Жасыл ел» қатарында 3 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның 70 пайызы – ауыл жастары.
«Жасыл ел» – бұл тек маусымдық жұмыс емес, қоғамға пайдалы іс пен болашақ ұрпаққа жарқын үлгі болды», – деді Алматы облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Нұрдәулет Сұлтан Нұрғайыпұлы.
Іс-шараға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов және Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты.