Жамбыл ауданының Беріктас ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба аясында жаңа асфальтбетон жабындысы төселіп, жол бойына тротуарлар орнатылуда. Бұл шаралар елді мекеннің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Мердігер ұйымның айтуынша, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталса, жаңарған жолда көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.