Алматы облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады: 15 мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді

Алматы облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады: 15 мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді

29 шілде күні облыс тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей әкімге жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

2025 жылғы 29 шілдеде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты мәселелер тыңдалып, жедел шешім қабылдау үшін жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.

Жеке қабылдауға келген 11 азамат тарапынан барлығы 15 түрлі сұрақ қойылды. Атап айтқанда, апатты үйлердің жағдайы, әлеуметтік қолдау көрсету, тұрғын үй кешендеріндегі құрылыс ақаулары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелері кеңінен қозғалды.

Қабылдау қорытындысы бойынша облыс басшысы тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.