Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 5 673 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 641 км, ҮАААЖ – 66 км, облыстық маңызы бар жолдар – 3 470 км, ал аудандық маңызы бар жолдар – 496 км.

2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, өңірде 160,8 шақырым жолға орташа жөндеу, 26 шақырым жолға күрделі жөндеу және 2 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Күрделі жөндеу жұмыстары:
1. «Алмалыбақ (КИЗ) – Жетісу – Алматы-1 – ст.Шамалған – Ұзынағаш» бағытындағы 13 км жолдың 40%-ы жөнделді.
2. «Алматы-1 – ст.Шамалған – Ұзынағаш» (7,5 км) учаскесінде жұмыстардың 50%-ы орындалды.
3. «Есік – Саймасай – Александровка» (5,5 км) жолы бойынша да 50%-ға жуық жұмыс аяқталған.

Орташа жөндеу жұмыстары:
1. «Қапшағай – Бақанас – Қарой» (180-280 км аралығы, 64,8 км) – жұмыстардың 20%-ы атқарылды.
2. Нарынқол – Сүмбе (0-35,9 км) – 23,9 км жол қамтылған.
3. «Чунджа – Тигермень – Ұзынтам – Чунджа – Көктал» (50-80 км) – 8 км жолдың 90%-ы аяқталды.
4. «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы (Түп), Тұйық а. кіреберіс» – 10,6 км.
5. «Сұңқар – Қаншенгель – Топар – Құйған» (240-265 км аралығы, 11 км) – 50% аяқталған.
6. «Қарқара – Ереуіл» (2,200-10,140 км, 7,9 км) – жұмыс көлемінің 10%-ы орындалған.
7. «Алматы – Ақсай – Шамалған – Боралдай – Шіліккемір» (0-18,9 км) – 50%-ға жуық жұмыс аяқталған.
8. «Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас – Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Іргелі ауылына кіреберіс» (2,04 км) – 40%-ға орындалған.
9. Жамбыл ауданы, Беріктас ауылына кіреберіс жол (13,7 км) – 10% жөнделген.
Жол жамылғысының мерзімінен бұрын тозуын болдырмау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында облыстағы жергілікті автожолдарда 3 автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр.

1. Талғар ауданы, «Есік – Қырбалтабай – Жетіген» жолының 53,6 км учаскесінде
2. «Приканальная БАК» жолының 11 км учаскесінде;
3. «Алматы – Жетіген (Николаевка) – Қапшағай су қоймасы» (33,5 км) жолында орнатылады.
2024 жылы екі станция орнатылған болатын («Приканальная БАК» – 45,7 км; «Первомайка – Жаңаталап» – 12,7 км)
Облыстық маңызы бар жолдарда 125 000 шаршы метр аумақта ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары, 700-ге жуық жол белгілерін орнату, жол таңбаларын жаңарту және сызықтарды сызу жұмыстары қарастырылған. Осы жұмыстарды іске асыратын мердігер ұйымдар анықталып, жұмыстар жалғасып жатыр.

Облыстық маңызы бар автожолдардың 94%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген.
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда. Облыс әкімдігі тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмысты жүйелі түрде жалғастыра береді.