Алматы облысында цифрлық шешімдерді енгізу мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау жүйелі түрде жалғасуда

Алматы облысында цифрлық шешімдерді енгізу мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау жүйелі түрде жалғасуда

Алматы облысында цифрлық шешімдерді енгізу және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Бұл үдерістің негізгі қозғаушы күштерінің бірі — 2024 жылы ашылған Alatau Hub инкубаторы. Бүгінде ол білім беру, әлеуметтік технологиялар және мемлекеттік секторды цифрландыру салаларындағы стартаптарды дамытуға арналған платформа ретінде қызмет атқаруда.

Табысты жобалардың жарқын мысалы — QOL стартапы, инженерлік робототехниканы оқытуға арналған STEAM-комплектілерін әзірлеген. Бұл өнімдер облыстағы 10 пилоттық мектепке енгізілді, жоба $10 мың инвестиция тартты, сондай-ақ РМК «Ғылым ордасы» мекемесімен бірлескен FabLab зертханасын ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Алдағы мақсат — Орталық Азия мен MENA аймағы нарығына шығу.

Тағы бір перспективалы жоба — OquMarket білім беру маркетплейсі. Бұл платформа оқушылар мен мұғалімдерге оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді. Стартап сынақ кезеңінен сәтті өтіп, алғашқы пайдаланушылардың оң пікірлерін алды және енді еліміз бойынша кеңейтілмек.

Цифрлық технологиялар мемлекеттік секторда да қолданылуда. Alatau Hub резиденттерінің бірі облыс прокуратурасы үшін «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіне арналған модуль әзірледі. Бұл шешім мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және деректерді талдауды нақты жүргізуге мүмкіндік береді.

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту — өңірдің тағы бір басым бағыты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыста 9100 бейнебақылау камерасы мен 325 бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылып, 2554 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды.

Кеңістіктік талдау мен цифрлық модельдерді жасауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылы облыста «Цифрлық егіз» жобасы іске қосылып, 33 елді мекен (582,1 км²) қамтылды. Жоба аясында рельефтің 3D-моделі жасалып, 1919 км инженерлік желілер цифрландырылды.

Алматы облысында цифрлық трансформация қарқынды дамып келеді. Бұл өңірдің технологиялық ілгерілеуіне, халықтың өмір сүру сапасының артуына және ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің нығаюына қолайлы жағдай туғызуда.