Тағайындау

Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бақытұлы Бақытнұр 2025 жылғы 24 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
​Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін «қаржы» мамандығы, 2009 жылы American Graduate School of Business Switzerland университетін «іскерлік әкімшілендіру» мамандығы, 2011 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мал шаруашылғы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
​Еңбек жолын 2006 жылы «АТФ Банк» АҚ шағын және орта бизнесті несиелендіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары «АТФ Банк» АҚ жетекші маманы, Астана қаласы прокуратурасы аппаратының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы, «Нұр Отан» ХДП «Саяси менеджмент мектебі» ЖМ Алматы өңірлік партиялық оқыту орталығы филиалының директоры, Montreux Business School Switzerland ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бизнес пен әріптестіктің стратегиялық даму жөніндегі директоры, «Алматы асыл тұқым зауыты» АӨК басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, «Агрохолдинг Динара групп» ЖШС ӘК басқарма төрағасы, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2024 жылдың шілде айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында қызмет етті.