Қытай компаниясы Алматы облысында құбырлар зауытын салады

Қытай компаниясы Алматы облысында құбырлар зауытын салады

Алматы облысында оқшаулағыш құбырлар шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаны полиуретаннан, түрлі диаметрдегі пластик және коррозияға қарсы құбырлар өндіруге маманданған Қытайдың XINJIANG YIHONGFENG ENERGY TECHNOLOGY CO., LTD. компаниясы жүзеге асырады.

Өңір делегациясының өкілдерінің айтуынша, компания қазірдің өзінде Алатау қаласынан жер телімін сатып алған. Қазіргі таңда «Alatau» арнайы экономикалық аймағына қатысу шарттары талқылануда.

«Бұл – өңір үшін маңызы зор өнеркәсіптік жобалардың бірі. Біз бизнестің қысқа мерзім ішінде өндірісті іске қосуына барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы өкілі.

Жаңа зауыттың құрылысы өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның импортты алмастыратын өнімге деген сұранысын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.