Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын шегірткелерден қорғауға бағытталған кешенді іс-шаралар жалғасуда. 2025 жылы облыс аумағында аса қауіпті зиянды жәндіктерге қарсы күрес аясында 1 874 930 гектар жерге мониторинг жүргізу жоспарланған. Оның ішінде үйірлі шегірткелерге – 1 650 700 гектар, саяқ шегірткелерге – 150 990 гектар алқап қарастырылған.
Ағымдағы маусымда 873 460 гектар жерге тексеру жүргізілуі тиіс, оның ішінде 799 000 гектар – үйірлі шегірткелердің, 74 460 гектар – саяқ шегірткелердің таралуы ықтимал аумақтар. Мониторинг нәтижесінде шегірткелердің жаппай таралуы мен экономикалық зияндылық шегінен асқан жағдайлар анықталған.
Жалпы 113 997 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізу көзделген. Үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеулер республикалық бюджет есебінен 63 438 гектарда жүргізілуде (итальяндық прус – 46 755 га, азиялық шегіртке – 16 683 га).
Саяқ шегірткелерге қарсы шаралар үшін жергілікті бюджеттен 349,9 млн теңге бөлініп, 50 559 гектар алқапқа химиялық өңдеу жоспарланған. Оның ішінде аса жеңіл авиациямен – 28 027 га, жер үсті техникасымен – 22 532 га жер өңделуде.
Химиялық өңдеу жұмыстарына «ЗаРаГранд» және «AVIASILA» ЖШС-тері тартылған:
• 15 жер үсті бүріккіш техника,
• 1 жеңіл ұшақ,
• 5 аса жеңіл әуе кемесі,
• 2 дрон,
• «Фитосанитария» РММ-нің 4 арнайы техникасы бар.
Барлық жұмыстарға 201 адам және 46 автокөлік жұмылдырылған. Мониторингке 74 маман қатысуда (53 – тұрақты, 21 – уақытша), сондай-ақ жергілікті әкімдіктер арқылы жұмыспен қамту орталықтарынан 103 адам тартылды.
09 маусымға дейінгі мәліметтерге сәйкес:
• 552 771 гектар жерге мониторинг жүргізілді;
• Итальяндық прус – 377 149 га (таралғаны – 37 671 га, ЭЗШ асқаны – 24 316 га);
• Азиялық шегіртке – 123 100 га (таралғаны – 8 850 га, ЭЗШ асқаны – 7 340 га);
• Саяқ шегіртке – 52 522 га (таралғаны – 46 575 га, ЭЗШ асқаны – 43 038 га).
Қазіргі таңда өңдеу жұмыстары 62 103 гектар жерде жүргізілді, бұл жоспардың 54,5%-ын құрайды. Оның ішінде:
• Итальяндық прус – 21 129 га (45,2%);
• Азиялық шегіртке – 6 198 га (37,2%);
• Саяқ шегіртке – 34 776 га (68,8%).
Аудандар тарапынан шегірткеге қарсы жүргізілген өңдеулер:
• Еңбекшіқазақ ауданы: 6 755 га тексерілді, 5 955 га ЭЗШ асты. 5 955 га толық өңделді.
• Жамбыл ауданы: 4 530 га тексеріліп, 4 000 га толық өңделді.
• Талғар ауданы: 1 760 га тексеріліп, 1 220 га өңделді.
• Ұйғыр ауданы: 5 253 га тексеріліп, 3 508 га ЭЗШ асты. 3 508 га өңделді.
• Қонаев қаласы: 2 850 га тексеріліп, 2 450 га толық өңделді.
• Балқаш ауданы: 7 930 га тексеріліп, 5 410 га ЭЗШ асты. 4 020 га өңделді.
• Іле ауданы: 11 214 га тексеріліп, 9 014 га ЭЗШ асты. 8 300 га өңделді.
• Қарасай ауданы: 2 010 га тексеріліп, 1 800 га өңделді.
• Кеген ауданы: 2 240 га тексеріліп, 2 130 га ЭЗШ асты. Өңдеу 29 мамырдан басталды.
• Райымбек ауданы: 7 730 га тексеріліп, 7 415 га ЭЗШ асты. 4 123 га өңделіп, қосымша дрондар мен техника жұмылдырылды.
Аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес Алматы облысында жүйелі әрі қатаң бақылаумен жүргізілуде. Арнайы мамандар мен техника күшімен жүзеге асырылып жатқан бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға, өнім сапасы мен көлемін сақтауға бағытталған. Жұмыстар жалғасуда, жағдай күнделікті бақылауда ұсталып отыр.