Алматы облысында арнайы қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолдауымен өңірдің қала және аудандарына инватакси қызметіне арналған арнайы автокөліктер берілді.
Бұл бастама ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың білім алу, еңбекке араласу, сондай-ақ медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді.
Автокөліктер заманауи техникалық және санитарлық талаптарға сай жабдықталған, бұл тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Жобаның болашақта шалғай елді мекендерді де қамтуы көзделген.
Мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау – әлеуметтік инклюзияны қамтамасыз ету бағытындағы өңірлік саясаттың негізгі басымдығы болып табылады.