Алматы облысындағы №39 гимназияның 11-сынып оқушысы Сақийдулла Алмат АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды. Жалпы сомасы – шамамен 320 миллион теңге. Сонымен қатар, Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу ордасы да оны толық грантпен қабылдаған.
Болашақ студент білімге деген ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында University of Miami, Elmhurst, Caldwell, Augustana, UNO, FIU және басқа да оқу орындарынан оқуға ұсыныс алды.
IELTS нәтижесі – 7.0, ал SAT – 1420 балл (математикадан 780/800). Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде.
Сақийдулла Алмат – «Алтын белгі» үміткері. Оның жетістігі – жастардың әлеуетіне сенімді арттыратын жарқын мысал.