Алматы облысының кәсіпорындары Бейжіңдегі халықаралық көрмеде өз өнімдерін таныстырды

Алматы облысының кәсіпорындары Бейжіңдегі халықаралық көрмеде өз өнімдерін таныстырды

2025 жылғы 21 мамырда Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында халықаралық көрме өтті. Көрме аясында Алматы облысының кәсіпорындары қазақстандық өнімдердің кең ассортиментін ұсынды. Іс-шара өңірдің экспорттық әлеуетін ілгерілетуге, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және отандық брендтерді Қытай нарығында танымал етуге бағытталған.

            Өңір атынан 12 кәсіпорын қатысып, 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап, биоқоспалар, ұн, құрама жем және шарапқа дейін – ұсынды. Таныстырылған өнімдердің жалпы көлемі 250 келіден астам және 1000-нан аса қаптама бірлігін құрады.

            Алматы облысынан көрмеге қатысушылар:

  • «Даулет-Бекет» ЖШС – түйе сүтінен жасалған құрғақ өнімдер;
  • «Сары-Бұлақ компаниясы» ЖШС – тауық жұмыртқасы мен құс еті;
  • «NEO MILK» ЖШС – бие, ешкі және түйе сүтінен жасалған биоқоспалар;
  • «GALANZ Bottlers» ЖШС – шай негізіндегі сусындар, алкогольсіз сусындар және квас (300-ден астам бөтелке);
  • «Цесна» ЖШС – ұн және макарон өнімдері;
  •  «АзияАгроФуд» АҚ (AAFD) – ұн, құрама жем, дәнді дақылдар, патока, глютен, кебек және таныстырылым материалдары;
  • «Алматинский продукт» ЖШС – кондитерлік өнімдер (93 қаптама, 17 кг);
  • «Arba Wine» ЖШС – ақ, қызыл, газдалған және раушан түсті шараптардың 18 үлгісі;
  • «Gold Product» ЖШС – 14 бөтелке шарап және бренди;
  • «Байсерке Агро» ЖШС – компанияның қызметі мен ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша таныстырылым.

            Көрме қытайлық дистрибьюторлар, сауда желілері және HoReCa секторы өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Табиғи әрі сапалы отандық өнімдер келушілердің жоғары бағасына ие болды.

            «Халықаралық көрмелерге қатысу – біз үшін жаңа серіктестер табуға, өнімге деген сұранысты тексеруге және сыртқы нарықтағы орнымызды нығайтуға үлкен мүмкіндік. Қытай нарығы өзінің ауқымы мен экологиялық таза өнімге деген жоғары сұранысымен ерекше маңызды», – деді көрме қатысушысы, «NEO MILK» ЖШС директоры Аманбаев Болат Бейсенғалиұлы.

            «Біз бейтарап (шикізаттық емес) экспортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларымызға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Мұндай іс-шараларға қатысу – өнім жеткізу географиясын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар өңірдің сапалы аграрлық және қайта өңдеу өнімдері орталығы ретіндегі имиджін нығайтуға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

            Алматы облысының кәсіпорындарының Пекин қаласында өткен халықаралық көрмеге қатысуы айтарлықтай нәтижелер берді: қазақстандық өнімдердің кең ассортименті қытайлық аудиторияға таныстырылып, тікелей байланыстар орнатылды, дистрибьюторлармен, сауда желілері мен HoReCa секторының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді, нақты ынтымақтастық ұсыныстары алынды. Көрме табиғи және экологиялық таза өнімдерге жоғары сұраныстың бар екенін көрсетіп, өңірдің сапалы аграрлық және өңдеу өнімдерін жеткізуші ретінде имиджін нығайтты, сонымен қатар Алматы облысының экспорттық мүмкіндіктерін Қытай нарығында кеңейтті.