
Алматы облысы аумағында 2021 жылғы 14 мен 24 қыркүйек аралығында «Бекет-2021» ведомствоаралық топтар құрамында дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі кешенді оқу-жатығуы өткізіледі. Оқу-жаттығуға құрамына жедел топтар, басқару органдары және белгіленген әскерлер тартылады. Оқу-жаттығудың өткізілуіне басшылық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментіне жүктелген.
Бүгін облыс әкімдігінде оқу-жаттығудың басшылық штабының кеңесі өткізілді, онда облыстың басқару органдары мен аумақтық бөлімшелері басшыларының баяндамалары тыңдалып, «Бекет-2021» ведомствоаралық топтарының құрамындағы дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді оқу-жаттығудың өткізу тәртібі жеткізілді.