Меню
Страницы

Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

          Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қол қойды:

  1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;

  2. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;

  3. «Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы»;

  4. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;

  5. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы».

          Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Аталған кодекс Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

          Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін, оны ұйымдастыру және өткеру тәртібін айқындайтын, сондай-ақ мемлекет функциялары мен міндеттерін іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледі.

          Конституцияның және жоғарыда аталған заңдардың мәтіндерімен ресми мемлекеттік баспа басылымдарында, Эталондық бақылау банкінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

 

2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛЕТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері