
Сіздерді 2026 жылдың 26 маусымында Қонаев қаласындағы ASP аренасында өтетін HEALTH INVEST FORUM – 2026 форумына шақырамыз!
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл форум — денсаулық сақтау саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық бастамаларды біріктіретін ірі алаң.
Форум барысында медицина саласына инвестиция тарту, цифрландыру, медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтика және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары талқыланады.
Бұл жай ғана форум емес, бұл - даму нүктесі. Бізбен бірге болыңыз!
Тіркелу төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді.