Меню
Страницы

Дзюдодан республикалық күнтізбелік турнир

2026 жылғы 9–10 мамыр күндері даңқты тарихи тұлға, ұлы билеуші Сұлтан Бейбарыстың құрметіне арналған дзюдодан республикалық күнтізбелік турнир өтеді.

Жарыстың басталуы: 9 мамыр күні сағат 10:00.

Салтанатты ашылу рәсімі: 9 мамыр күні сағат 12:00.

Өтетін орны: «Үшқоңыр» спорт кешені, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, 166.

 Еліміздің барлық өңірлерінен 2011–2012 жылы туған ұлдар мен қыздар жеңіс үшін бақ сынайды. Жалпы саны 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады: ұлдар – 9, қыздар – 8 салмақ дәрежесінде.

Мақсаты:

– балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде спортпен айналысуға тарту;

– салауатты өмір салты мен патриотизмді насихаттау;

– спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру;

– еліміздің түрлі өңірлеріндегі дзюдошылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу;

– жасөспірімдер құрамаларын жасақтау үшін үздік дзюдошыларды анықтау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.

 Әр салмақ дәрежесі бойынша жеке есептегі жеңімпаздар чемпион белбеуімен марапатталады. Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар:

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық «Бұқаралық спорт клубы», Қазақстан дзюдо федерациясы және Алматы облысының дзюдо федерациясы.

Байланыс телефондары:

+7 747 144 4790 (Қанат Асылбеков), +7 747 500 7007 (Жарас Аймқұлов).

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты