Меню
Страницы

2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысында қазақ күресінен «Ұстаз барысы – 2026» облыстық турнирі өтеді

Жарыстың басталуы: 6 мамыр күні сағат 10:00-де.

Салтанатты ашылу рәсімі: 6 мамыр күні сағат 12:00-де.

Өтетін орны: Қарасай ауданы №1 МБЖСМ (Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1А).

Аталған жарысқа Алматы облысының өңірлерінен келген жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысады. Қатысушылар 5 салмақ дәрежесінде бақ сынайды: 60 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг. Барлық қатысушылар – аудандық және қалалық іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары.

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақ күресі ұлттық спорт түрін білім беру саласы қызметкерлері арасында кеңінен насихаттау; педагогтердің денсаулығын нығайту және олардың дене белсенділігін арттыру; ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дамыту және сақтау; мұғалім мамандығының беделін спорт арқылы көтеру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 6 мамыр күні финалдық белдесулерден кейін бірден өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының білім басқармасы, «Алматы облысының бұқаралық спорт клубы».

Байланыс телефондары:

+7 775 691 7976 (Жангелді Хамитов)

+7 778 170 0786 (Ержан Белгібаев).

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты