2026 жылғы 7–12 сәуір аралығында стендтік атудан Қазақстан республикасының чемпионаты және «Алатау Гран-приі» өтеді.
Жарыстың басталуы: 7 сәуір күні сағат 09:00-де.
Салтанатты ашылуы: 7 сәуір күні сағат 13:00-де.
Өтетін орны: А. Асанов атындағы ату клубы.
Мекенжайы: Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Байсерке ауылы, Рысқұлов көшесі, 15.
Жарысқа 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар қатысады. Барлығы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 200-ден астам спортшы қатысады.
Мақсаты: Қазақстан республикасында стендтік атуды дамыту және насихаттау; қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру және үздік спортшыларды анықтау; Қазақстан құрамасына үміткерлерді іріктеу және қалыптастыру; спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау; өңірлер арасындағы спорттық байланыстарды нығайту.
Жарыстар жеке және командалық есепте «скит» және «трап» дисциплиналары бойынша өтеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау әр жарыс күні финалдар аяқталғаннан кейін бірден өткізіледі.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы; Алматы облысының «Оқ ату спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі», «Қазақстан республикасының спорттық ату федерациясы».
Байланыс телефондары:
+7 701 555 5193 (Жанар Қабабаева)
+7 707 692 1418 (Руслан Бердов).