Меню
Страницы

Жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир

2026 жылғы 4–5 сәуір күндері Қазақстан республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Атабек Әлиевтің құрметіне арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық турнир өтеді.

Жарыстың басталуы: 4 сәуір күні сағат 10:00.

Салтанатты ашылу рәсімі: 4 сәуір күні сағат 12:00.

Өтетін орны: Жамбыл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Ұзынағаш ауылы, Саурық батыр көшесі, 171-а.

Жүлделер мен спорттық атақтар үшін Алматы облысының өңірлерінен келген 2012–2013 жылдары туған жас балуандар бақ сынайды. Турнирге 200-ден астам спортшының қатысуы күтілуде. Олар 10 салмақ дәрежесінде (38 кг-нан +85 кг-ға дейін) өз шеберліктерін, күш-жігері мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетеді.

Облыстық турнирдің негізгі мақсаты – еркін күресті дамыту және насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру, сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылар арасындағы достық байланысты нығайту. Сонымен қатар, мұндай жарыстар жас балуандарға алдағы жарыстарға қажетті тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Марапаттау рәсімі 5 сәуір күні финалдық белдесулерден кейін бірден өтеді деп жоспарлануда. Әр салмақ дәрежесінің чемпиондары чемпиондық белбеулерге ие болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар мен дипломдардан бөлек ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы; Алматы облысының «Бұқаралық спорт клубы».

Байланыс телефондары: +7 778 377 7617 (Қуаныш Ботабаев), +7 777 290 7005 (Алихан Искали).

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты