Меню
Страницы

Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық
қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған
инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын
жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана
отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет
алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.

Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік
сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі
банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық
платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал
тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың
ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап
шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде
жарнамалануда.
Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған
азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.


Сақ болыңыз!
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады: - күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу; - дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу; - әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы
таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресе жоғары
әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда, мұқият тексеру; - алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына
дереу хабарласу және банкті хабардар ету ұсынылады.
Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты