2025 жылдың 29-30 мамыр аралығында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында XVII спартакиада өтеді
Салтанатты ашылуы: 29 мамыр, 10.00-де.
Жарыстың басталуы: 29 мамыр, 10.30-да.
Өтетін орны: «Үшқоңыр» спорт кешені, Карасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, 166.
Алматы облысының аудандары мен Алатау, Қонаев қалаларының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ күштік құрылымдар өкілдері жүлделі орындарды сарапқа салады. Барлығы 20 команда қатысады деп жоспарлануда.
Жарысқа қатысушылар «Үшқоңыр» және «Нұр-Аман» спорт кешенінде спорттың 9 түрінен өнер көрсетеді. Атап айтқанда, олар – тоғызкұмалақ, қазақ күресі (5 салмақ дәрежесінде – 74 келіден +110 кг), арқан тартыс, жүзу, шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннис, 3Х3 баскетбол.
Спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты насихаттау, оларды жүйелі дене шынықтыру мен спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану және ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 30 мамырда финалдық ойындардан кейін өтеді. Кубок, медаль, арнайы дипломдар табысталады. Сонымен қатар командалық жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйақы қарастырылған. 1-орын – 500 000 тенге, 2-орын – 300 000 тенге, 3-орын – 200 000 тенге.
Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасы.
Байланыс телефоны:
+7 777 015 9901 (Ықылас Қадырқожаев),
+7 707 907 9336 (Ерлан Төкен),
+7 702 109 8868 (Болат Көпдікбаев).