2025 жылдың 14-17 мамыр аралығында бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Алматы облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Станислав Тынысбековты еске алуға арналған XXXIII республикалық турнир өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі: 14 мамыр, сағат 13:30-да.
Өтетін орны: С.Тынысбеков атындағы бокс және жекпе-жек өнері мектебі. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл көшесі, 28-а.
Жарысқа еліміздің 8 аймағынан – Жетісу, Қызылорда, атырау, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер қатысады.
Турнирдің мақсаты: Алматы облысында және жалпы Қазақстанда бокс спортын насихаттау және дамыту; спортшылардың тәжірибесін шыңдап, біліктілігін арттыру; бокстан жастар құрамасының ең жақын резервін қарау.
Марапаттау рәсімі 17 мамырда финалдық ойындардан кейін өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Мақтау қағазы, медаль және ҚР спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.
Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығы, Еңбекшіқазақ аудандық БЖСМ.
Байланыс телефоны: +7 705 777 0264 (Ердос Жанат).