Меню
Страницы

Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионаты өтеді

2025 жылдың 11-18 мамыр күндері аралығында көкпардан Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионаты өтеді.

Өтетін орны: «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты клубы. Талғар ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Бокин көшесі, 1г.

Жарыстың басталуы: 12 мамыр, сағат 09:30-да.

Салтанатты ашылуы: 16 мамыр, сағат 12:00-де.

Демалыс күні: 15 мамыр

Финалдық ойындар мен марапаттау рәсімі: 18 мамыр.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан 16 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Барлығы 16 команда болады деп жоспарлануда.

Чемпионаттың мақсаты: ұлттық ат спортын танымал ету, халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының жастар құрамасына үздік спортшыларды іріктеу, қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілік деңгейін арттыру. Жеңімпаздарға көкпардан ҚР спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль, дипломдармен қатар ақшалай сыйлық табысталады. Жалпы жүлде қоры – 12 350 000 теңге.

  Ұйымдастырушылар: ҚР туризм және спорт министрлігі, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру мен спортты дамыту орталығы, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, республикалық көкпар федерациясы.

Бас серіктес - Самұрық-Қазына.

Демеуші - Sport qory спортты қолдау қоры.

Байланыс телефоны: +7 705 131 9595 (Айбек Сапарқұлов).

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты