2025 жылдың 7 мамыр күні қазақ күресінен «Ұстаз барысы – 2025 атты облыстық турнир өтеді.
Салтанатты ашылу рәсімі: 7 мамыр, сағат 12.00.
Жарыстың басталуы: 7 мамыр, сағат 10.00.
Өтетін орны: Қарасай ауданындағы №1 БЖСМ. (Қаскелең қаласы, Дарбай Богенбай көшесі, 1А).
Жарысқа аудандар мен Қонаев қаласындағы мектеп мұғалімдері қатысады. Олар 5 салмақ дәрежесі бойынша (60 келіден +90 келіге дейін) күреседі. Турнирге қатысушылар – аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары.
Жарыстың мақсаты – халықтың барлық топтары арасында қазақ күресін дамытып, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 мамыр күні финалдық жарыстан кейін марапатталады.
Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, Алматы облыстық «Бөрі» қазақ күресі федерациясы.
Байланыс телефоны: +7 775 691 7976 (Жангельді Хамитов).