Меню
Страницы

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі

2025 жылдың 9–14 мамыр күндері аралығында Алматы облысында 500 шақырым қашықтықта «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді. Шараға Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және басқа елдерден келген шабандоздар қатысады деп күтілуде. Барлығы 15-ке жуық мемлекеттен өкілдер бақ сынамақ.

Ұйымдастыру бағдарламасы:

  • Марафон ұзақтығы: 5 күн
  • Жалпы қашықтық: 500 шақырым
  • Басталуы: Алматы – Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірі
  • Бағыт:
    • Балқаш ауданы: Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары
    • Жамбыл ауданы: Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдары
    • Іле ауданы: Ақши ауылы
  • Мәресі: Қонаев қаласы, «Қарлығаш» шағын ауданы
  • Жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі: Қонаев қаласының орталық алаңы

Қосымша іс-шаралар:

  • Асыл тұқымды жылқылар көрмесі: Ұлттық жылқы тұқымдары мен олардың ерекшеліктері таныстырылады.
  • Ұлттық қолөнер көрмесі: Қазақ халқының бай мәдени мұраларын дәріптеу.
  • Туристік қалашықтар мен фотозоналар: Ел мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға арналған арнайы аймақтар ұйымдастырылады.

«Ұлы дала жорығы» — ұлттық мәдениетті әлемге танытатын, рух пен ерлікті ұлықтайтын ауқымды халықаралық іс-шара болмақ.

 

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты