Бұл туралы Қонаев қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек, қала аумағындағы анафелогенді су қоймалары безгек масаларына қарсы өңделеді. Шара 21-30 сәуір аралығында өтеді. Бұл тек бірінші кезең. СЭББ мамандары 9 күн бойы тұрғындардан үй жануарлары мен құстарды жаймауды сұрайды.
Денсаулық сақтау министрі бекіткен санитарлы ережеге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар елдімекендерде дезинсекция, дератизация жасауы қажет. Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен саябақтарды масаларға қарсы өңдеу жуық арада басталатынын жеткізді.