Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мереке өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы аясында жаңа форматта, он күн бойы аталып өтілуде.
Наурыз тойын кең көлемде мерекелеу - ұлттық құндылықты арттырып, бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз.
Осы Наурызнамаға сәйкес, бүгін — Тазару күні. Оның басты мақсаты – табиғат тазалығы мен адамның ішкі жан-дүниесінің таалығын сақтап, үйлесімде болуы. Осы орайда, облыс орталығы Қонаев қаласының белсенділері, қоғам өкілдері мен мекеме қыметкерлерінің бастауымен кең ауқымда тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында «Жасыл қала Қонаев» мекемесінің басшысы Асхат Сәрсембекұлы қоршаған ортаның тазалығы мен осындай игі істердің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
«Тірлік, тірлік түбі - бірлік» - дегендей, еліміздің бірлігі нығайып, берекесі мол болғай! Әз-Наурыз бақыт пен шаттыққа толы болсын!