Жарыстың басталуы: 15 қазан сағат 9.00.
Салтанатты ашылу 15 қазан күні сағат 11.00 - де өтеді.
Өтетін орны: Қарасай ауданының № 1 спорт мектебі. Қаскелең қаласы, Дарбай Бөгенбай көшесі, 1а.
Чемпион атағы үшін Алматы облысы мен Қонаев қаласының аудандарынан 2012-2013 және 2014-2015 жылдары туған ұлдар күресетін болады. 20-дан астам команда қатысады деп жоспарлануда. Жарыс ФИФА 5х5 форматында бекіткен футзал бойынша халықаралық ережелерге сәйкес өткізіледі. 9 жастағы жасөспірімдер үшін матчтар регламент бойынша өтеді – 2 таймнан 15 минут. 10 жастан 12 жасқа дейінгі ұлдар үшін-20 минуттан 2 тайм.
Жарыс фузалды танымал ету және жас футболшылардың шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өтеді. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар еліміздің әртүрлі қалаларында (мақсаты бойынша) түрлі жас санаттарында күзгі мектеп демалысы күндері өтетін Қазақстанның күзгі ресми жасөспірімдер чемпионатына қатысу үшін Алматы облысының құрама командаларының құрамына іріктелетін болады.
Облыстық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауды 19 қазанда финалдық ойындардан кейін бірден өткізу жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы, Алматы облысының футзал және шағын футбол федерациясы.
Байланыс телефондары: +7 701 455 6601 (Архат Рымғали).