Меню
Страницы

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы

Конкурстың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;

Міндеттері:

ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.

Кімдер қатыса алады?

Мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне конкурсқа қатысуға жол беріледі.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздері жүзеге асыруы мүмкін.

Өткізу мерзімі

Конкурс 2020 жылғы 25 мамырда бастау алады.

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы қыркүйекте шығарылады. 

Конкурстың кезеңдері

I кезең – өңірлік деңгей (облыстық деңгей) өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және онда конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;

II кезең – республикалық деңгейді республикалық конкурстық комиссия өткізеді, онда конкурстың жеңімпаздары анықталады.

Социальные медиа
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты