
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы 17 маусым күні сағат 11.00-де аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратында (мекен-жайы: Өтеген батыр ауылы, А.Әжімұратов көшесі, 8) тұрғындармен кездесу өткізеді.
Тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында https://dialog.egov.kz/blogs/65537/welcome
және Іле ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-ile/activities/population?lang=kk сілтемесі бойынша қабылданады.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі "Instagram"-ғы «Alm_obl_akimat» парақшасында
https://instagram.com/alm_obl_akimat?utm_medium=copy_link сілтемесі бойынша
және
аудан әкімдігінің "Facebook"-гі «Іле ауданы әкімдігі» парақшасында https://www.facebook.com/IleAkimat сілтемесі бойынша жүргізіледі.