
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Л.Тұрлашов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Оған Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай – ақ бейнебайланыс арқылы-аудан, қалала әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде ҚР 2012-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ҚР Қылмыстық Кодексінің 200 - бабы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментімен шығарылған ұсыныстарды қарау, қылмыстық және басқа да құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты төрт мәселе шығарылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 типтік базалық бағытының нәтижелері талқыланды.

