
Алматы облысының әкімі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы аудан тұрғындарымен 2022 жылдың 21 сәуірінде сағат 10.00-де Сарқан қаласының Мәдениет үйінде (Чепрасов көшесі, 18) кездесу өткізеді.
Тұрғындар тарапынан сұрақ, ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында https://dialog.egov.kz/blogs/65537/welcome және Сарқан ауданы әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/activities/population?lang=kk қабылданады.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі «Alm_obl_akimat» https://instagram.com/alm_obl_akimat?utm_medium=copy_link және Сарқан ауданы әкімдігінің https://www.instagram.com/sarkan_press/ Instagram парақшаларында жүргізіледі.