«Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының Алматы облысында жүзеге асырылуы, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы жетістіктер және өңірдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы»
2021 жылғы 11 қараша Нұр-Сұлтан қ.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Мемлекет басшысы Жолдауының Алматы облысында жүзеге асырылуы, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жетістіктер және өңірдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Амандық Баталовтың айтуынша, мемлекет қолдауының арқасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын облыс айтулы жетістіктермен қарсы алып отырғанын атап өтті. Өңірде Елбасы мен Президенттің алға қойған міндеттерін сапалы орындау мақсатында тиісті шаралар қабылданып, ол өз кезегінде экономиканың өсуіне, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті.
«Осы 30 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 35 млн.теңгеден 3,7 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн.теңгеден 1,2 трлн. теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн. теңгеден асады. 30 жыл ішінде 14,5 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджетке түсімдер 1997 жылғы 11 млрд. теңгеден 742 млрд. теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн. теңге инвестиция салынды», - деді А.Баталов брифинг барысында.
Облыс әкімі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетіне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібі облыс экономикасын дамытудың локомотиві болып отыр. Мәселен, Трансұлттық компаниялардың республика бойынша 19 жобасының ішінде жалпы инвестиция сомасы 290 млрд.теңгені құрайтын 9 жоба Алматы облысында іске асырылуда. Олардың ішінде төрт жоба («Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo», «Фид Миллс») жүзеге асты, олардың барлығы жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған. Жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн. теңгеден асады, шикізаттық емес экспорт 6 процент өсіммен 392 млн. АҚШ долларына жетеді.
Өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Брифинг барысында айтылғандай, облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 972 мың гектарға жеткізілді, оның ішінде қант қызылшасы – 16 мың, жүгері – 95 мың, картоп – 40 мың гектардан асқан.
«Біз 2025 жылға дейін қант қызылшасы алқабын 53 мың гектарға дейін ұлғайту есебінен өндіріс көлемін екі миллион тоннаға жеткізу жөнінде алдымызға ауқымды міндет қойдық. Ол үшін Көксу және Ақсу қант зауыттарын жаңғырту арқылы оларды жылына жалпы 1 млн. 100 мың тонна өңдейтін қуаттылыққа жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді А. Баталов.
Атап өтсек, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары қабылданған. Оған 50 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның 43 млрд. теңгесі субсидияға бағытталды, 15 мың ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші шаруашылықтар қамтылды.
Амандық Баталовтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда мал мен құс саны орта есеппен 2 процентке өсті. Мал қыстауы үшін облыс жем-шөппен толық қамтамасыз етіліп, 5,3 млн.тонна азық дайындалды. Маңғыстау облысының зардап шеккен фермерлеріне гуманитарлық көмек ретінде 54 вагон шөп жіберілді.
«Облыста барлығы 74,1 мың басқа арналған 117 мал бордақылау алаңы және 26,1 мың басқа лайықталған 84 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді, соның есебінен ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 72%-ке, сүт зауыттарының жүктемесі 85%-ке жетті.
Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңделген өнімдерінің экспорты 25% өсіп, 97 млн. АҚШ долларын немесе жалпы агроөнеркәсіп кешені экспортының 73%-тін құрады. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі алғаш рет бір триллион теңгеден асады», - деді спикер.
Сонымен қатар соңғы үш жылда бұрын айналымнан шығып қалған 39 мың гектар суармалы жер айналымға қайта тартылған. Биыл 14 мың гектарды қалпына келтіру үшін 6,3 млрд.теңгеге ирригациялық құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында биылғы жылдың қыркүйегінде Үкімет қабылдаған 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету кешенді шаралары іске асырылып жатыр. Тұрақтандыру қорын құрып, жеңілдікпен кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд. теңге бөлінді, оның жалпы сомасы 3,7 млрд.теңгені құрайды. Соның ішінде 3 млрд. теңгесі 0,01%-пен кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеуге және 700 млн. теңгесі – 8,7 мың тонна өнім сатып алуға бағытталды.
Шағын және орта кәсіпкерлікте де біршама жетістіктер бар. Бүгінде 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, онда 269 мың адам жұмыспен қамтылған.
Амандық Баталовтың айтуынша, 9 айда бюджетке 144 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 есе артық. Қолданыстағы бағдарламалар аясында 3 мыңнан астам кәсіпкерге 26 млрд.теңге сомасында қолдау көрсетілді. «Жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім мен көрсеткен қызмет көлемі екі трлн. теңгеге жетеді, ал олардың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі өткен жылғы 32,4%-тен 34,3%-ке ұлғаяды. Осылайша, Мемлекет Басшысының 2025 жылға қарай 35%-ке жетізу туралы тапсырмасын біз келесі жылы орындаймыз», - деді А. Баталов.
Тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша биылғы жылы бір млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның 835,4 мың шаршы метрі іске қосылды.
Өңірді газдандыру ісі де ерекше назарда. Өткен жылы облыс халқының 59%-тінің (1,2 млн.адам) газға қол жеткізуі қамтамасыз етілді, биыл тағы 13 елді мекенді қосу арқылы бұл көрсеткіш 61 процент болады.
Инфрақұрылымды дамыту жалғасып жатыр. Биыл облыстық маңызы бар 316 шақырым жол және 154 елді мекеннің кентішілік жолдары жөнделді, оған 47,3 млрд.теңге бөлінді. Жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар үлесі 89 процентке жетеді. Ал орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5%-ке жетеді.
Білім саласында биыл жоспарланған 17 мектептің 5400 орынды 12-сі іске қосылды, оның ішінде алтауы - жекеменшік мектеп. Жыл соңына дейін тағы бес мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек 137 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған 11,3 млрд.теңге көзделген.
Дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін шешу де назардан тыс қалмайды. Жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілді, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады.
Атап өтсек, «Еңбек» бағдарламасы бойынша биылғы жылы белсенді жұмыспен қамту шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды.
Сөзінің соңында Амандық Баталов Елбасының 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы тапсырмасына сәйкес облыста 13 спорттық нысан салынғанын атап өтті. Сол қатарда биыл мұндай спорттық сауықтыру кешені шалғайдағы Балқаш пен Райымбек аудандарында тұрғызылып, пайдалануға берілген. «Тағы 4-еуі салынып жатыр», - деді облыс әкімі. Сол сияқты Орта Азияда теңдесі жоқ Олимпиадалық жүзу бассейні талдықорғандықтардың игілігіне беріліп, онда қазір 1126 бала жаттығып жүр. Мұнда қосымша тағы 2 мың бала қабылданатын болады.
Спикер бұдан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
8 7282 24-69-24