
2021 жылғы 15 қазанда Алматы облысы Өңірлік дамыту орталығының Алматы қаласындағы кеңсесінде басты мақсаты түрлі бизнес жобаларды, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау болған «Татарстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының басшылығымен және бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиырма үш адамнан тұратын делегацияны «Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы төрағасының орынбасары, Стратегиялық даму департаментінің директоры М.К. Ахматов басқарды.
Алматы облысынан «Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы» ЖШС директоры Ч.Макашев, «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары О.Бекенов, индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясының директоры А.Токсаба, сондай-ақ «Алматы Тұрмыстық Техника Зауыты» ЖШС, «Clever Medical» ЖШС, «Intellservice» ЖШС, «Асылтас 2007» ЖШС және т.б. Алматы облысының кәсіпкерлері қатысты.
Кездесуде Орталық директоры Ч.Макашев Алматы облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды.
Сондай-ақ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты мен Алматы облысының индустриялық аймақтары таныстырылды.
Сонымен қатар, татар делегациясының бизнес өкілдері құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және мұнай-газ салаларында жүзеге асырылған жобаларымен таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Татарстан Республикасы мен Алматы облысының бизнес өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізді.