
2021 жылғы 18 қазанда Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының Алматы қаласындағы кеңсесінде негізгі мақсаты әр түрлі инвестициялық жобаларды талқылау,
сондай-ақ одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық болып табылатын Канадалық делегация өкілдерімен кездесу өтті.
Төрт адамнан тұратын делегацияны Recycled Energy Corporation президенті және бас директоры Charles Christensen басқарды.
Алматы облысынан «Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы» ЖШС директоры Ч.Макашев, индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясының директоры А.Токсаба, «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ даму менеджері Д.Қошанов және т.б. қатысты.
Кездесуде Орталық директоры Ч.Макашев Алматы облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды.
Сондай-ақ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты мен Алматы облысының индустриялық аймақтары таныстырылды.
Сонымен қатар, кездесу аясында Алматы облысында қосымша қаржыландыруды қажет ететін жобаларға қатысты мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде канадалық өкілдер Алматы облысы аумағында жүзеге асырылуы мүмкін жобаларды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Канадалық делегация мен Алматы облысының әкімдігі өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізді.