2026 жылғы 10 тамызда Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп Талғар ауданының учаскелік сайлау комиссияларына оқыту семинарын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша білімдерін жетілдіру, практикалық дағдыларын нығайту.




