2026 жылғы 5 тамызда Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Өтемісов Шавхат Әнесұлының төрағалығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу мәселелері бойынша Алматы облысының мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары, сайлау учаскелерінің дайындығы, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты өзге де ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.


