2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Алматы облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Алматы облысы Алматы облыстық мәслихатының, Қонаев қалалық мәслихатының, Іле, Балқаш, Жамбыл аудандық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 122 896 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 62 403 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 2119 адам қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -21.
Алматы облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Алматы облысының № 3 және 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша:
№ 3 сайлау округі бойынша:
Сәкен Бауыржанұлы Жансаров үшін сайлаушылардың 3404 дауысы берілді,
Асхат Бағашарұлы Жамаров үшін сайлаушылардың 2376 дауысы берілді,
Нұрлан Лесұлы Түймелиев үшін сайлаушылардың 12 491 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 869.
№ 15 сайлау округі бойынша
Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев үшін сайлаушылардың 21741 дауысы берілді.
Бақытжан Карлұлы Галиев үшін сайлаушылардың 4412 дауысы берілді.
Қуат Құрманғалиұлы Дүйсебаев үшін сайлаушылардың 5041 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 371.
Қонаев қаласының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Бахыт Найманұлы Алтаев үшін сайлаушылардың 747 дауысы берілді.
Қанат Кайратұлы Қалиев үшін сайлаушылардың 328 дауысы берілді.
Мақсат Ержанұлы Тұрлыханов үшін сайлаушылардың 217 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 187.
Қонаев қаласының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Руслан Идрисович Иштиряков үшін сайлаушылардың 889 дауысы берілді.
Ахметжан Махмутович Савутов үшін сайлаушылардың 220 дауысы берілді.
Ерлан Жарылқапұлы Саржанов үшін сайлаушылардың 210 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 312.
Жамбыл ауданының № 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Салават Судакженович Ибрагимов үшін сайлаушылардың 436 дауысы берілді.
Искандер Исмаилович Тутадзе үшін сайлаушылардың 333 дауысы берілді.
Паша Александрович Чумаев үшін сайлаушылардың 1785 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны -234;
Іле ауданының № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Нұрлан Алтынбекұлы Байгазиев үшін сайлаушылардың 2458 дауысы берілді.
Сәкен Бақытұлы Нұржаубаев үшін сайлаушылардың 452 дауысы берілді.
Мариям Айдарқызы Тынышпаева үшін сайлаушылардың 593 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 141.
Балқаш ауданының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Ғалымбек Сәрсембекұлы Әбдіқұлов үшін сайлаушылардың 1090 дауысы берілді.
Гүлмира Болатқызы Бакирова үшін сайлаушылардың 87 дауысы берілді.
Нұрлан Серікбайұлы Закарин үшін сайлаушылардың 76 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындысымен сайланды:
Алматы облысының № 3 және 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша:
№ 3 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихаттың депутаты болып Нұрлан Лесұлы Түймелиев, 1966 жылы туған, жеке кәсіпкер, Іле ауданының тұрғыны.
№ 15 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихаттың депутаты болып Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бокыбаев, 1963 жылы туған, Т.Жүргенов атындағы өнер колледжінің директоры, Алматы қаласының тұрғыны.
Қонаев қаласының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихаттың депутаты болып Бахыт Найманұлы Алтаев, 1974 жылы туған, ЖК «Алан» директоры, Қонаев қаласының тұрғыны.
Қонаев қаласының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қонаев қаласы мәслихаттың депутаты болып Иштиряков Руслан Идрисович, 1982 жылы туған, «АЛМАТЫ ОБЛГАЗ ENGINEERING» ШЖҚ МКК, директоры, Қонаев қаласынынң тұрғыны.
Жамбыл ауданының № 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты болып Паша Александрович Чумаев, 1982 жылы туған, ЖК «Чумаев» директоры, жамбыл ауданының тұрғыны.
Іле ауданының № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Іле аудандық мәслихаттың депутаты болып Байгазиев Нұрлан Алтынбекұлы, 1977 жылы туған, «Алматы облыстық адвокаттар алқасы» адвокаты,Іле ауданының тұрғыны.
Балқаш ауданының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Балқаш аудандық мәслихаттың депутаты болып Әбдіқұлов Ғалымбек Сәрсембекұлы, 1964 жылы туған, «Бақанас – Астық» АӨК-нің төрағасы, Балқаш ауданының тұрғыны.
Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы