Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Қызметі
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Все материалы
Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының өткізілген кезекті отырысы
19 мая 2026

2026 жылғы 14 мамырда Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары төрағалық етті. Оған комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт және судағы қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында облыстық білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдері баяндама жасады.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар аудандары мен Қонаев қаласындағы ахуал қаралып, жауапты әкім орынбасарларының есептері тыңдалды.

Отырыс барысында жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін күшейту, сауықтыру лагерьлерінің жұмысын ұйымдастыру, балаларды жұмыспен қамту, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және профилактикалық жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.

Комиссия қорытындысы бойынша:
            – жазғы демалыс кезеңіне арналған ведомствоаралық профилактикалық іс-шаралар жоспарын күшейту;
            – балалардың судағы және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
            – тәуекел тобындағы жасөспірімдерді ерте анықтау;
            – ата-аналармен профилактикалық жұмысты жүйелеу;
            – құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктелді.

           Қабылданған хаттамалық тапсырмалардың орындалуы облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда болады.

 

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия отырысы
15 мая 2026

            2026 жылғы 14 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А. Ғ. Майлыбаевтың төрағалығымен  Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат  жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде әйелдер жұмыссыздығын төмендету, отбасы институтын нығайту және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыру сияқты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар мәселелер қаралды.  Облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Майлыбаев:  «Облыста халықтың жартысынан астамын әйелдер екенін ескерсек, бұл еңбек әлеуетінің негізгі бөлігі. Сондықтан әйелдердің экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуы – тек әлеуметтік мәселе ғана емес, өңір дамуының стратегиялық факторы. Бұл бағытта біз тек сандық көрсеткішке емес, әйелдердің тұрақты әрі сапалы жұмыспен қамтылуына басымдық беруіміз қажет. Себебі «Бақытты ана - бақытты  бала» - деді.

           Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Байқоныс әйелдерді тұрақты жұмыспен қамту және қайта даярлау шаралары туралы, Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Медғат Қабдықаиров Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, мемлекеттік әлеуметті тапсырыс шеңберінде атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Балқаш және Талғар аудандары әкімдерінің орынбасарлары жергілікті жерлерде әйелдердің рөлін ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

          Комиссияның қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың жоспары жасалып, қатысушыларға нақты тапсырмалар берілді, қабылданған шешімдер хаттамамен   бекітілді.

Мемлекеттік қызметкерлерге семинар өткізілді
14 мая 2026

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасында 2026 жылғы 30 сәуірде (10 адам), 13 мамырда Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында (13 адам) мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша № 4 Үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» іске асырылуы жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
14 мая 2026

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Есепті кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 1 отырысы өткізіліп, оның барысында 3 мәселе қаралып, 21 ұсыным әзірленді. Барлық ұсынымдар орындалды.

«Битрикс» жүйесінде № 4 Үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» бағытын іске асыру бойынша 3 жоба құрылып, оларға ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат енгізілді.

Облыстық басқармалар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2026 жылға арналған кестесі әзірленді.

Бекітілген кестеге сәйкес 15 ішкі талдау жүргізілді. Нәтижесінде  6 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 6 ұсыным әзірленді, қазіргі уақытта оларды жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

2026 жылдың басынан бастап 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарын іске асыру аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарға консультациялық, әлеуметтік және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған кешенді жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Есепті кезеңде түрлі форматтағы 80-нен астам ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді.

Халықпен 20-дан астам кездесу мен диалог алаңы, азаматтарды қабылдау бойынша 15 жеке және қоғамдық қабылдау, 10-нан астам консультациялық іс-шаралар мен ашық есік күндері, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 10 профилактикалық және ақпараттық акция ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, шамамен 8 семинар мен форум, 10-нан астам көшпелі консультациялар мен білім беру ұйымдары және еңбек ұжымдарындағы түсіндіру кездесулері, сондай-ақ прокуратура, полиция, адвокатура, нотариат, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен 15-ке жуық іс-шара өткізілді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға ерекше назар аударылды.

Тегін құқықтық, психологиялық, әлеуметтік және медиативтік көмек көрсетіліп, дауларды сотқа дейін реттеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алаяқтықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мобильді топтардың қызметі ұйымдастырылып, профилактикалық есепте тұрған отбасылардың тұрғылықты жеріне бару жүзеге асырылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ақпараттық сүйемелдеу мақсатында:

- бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шамамен 250 материал жарияланды;

- қоғамдық орындарда, білім беру ұйымдарында және көлік нысандарында 120-дан астам тақырыптық баннерлер, билбордтар мен ақпараттық стендтер орналастырылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениет пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ақпараттық сүйемелдеу және авторлық материалдарды жариялау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандық және қалалық баспа басылымдарында Жамбыл, Қарасай, Талғар, Райымбек аудандары мен Қонаев қаласы әкімдерінің авторлық мақалалары жарияланды.

Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша уақтылы ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы арнайы ақпараттық стикерлер орналастырылды.

2026 жылдың 1 тоқсанында әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша шамамен 5 түсіндіру және профилактикалық іс-шара өткізілді. 12 мемлекеттік қызметшіге консультациялық көмек көрсетіліп, 2 азаматқа жеке қабылдау жүргізілді, профилактикалық іс-шаралармен 126 мемлекеттік орган қызметкері қамтылды.

Алдағы уақытта жұмыс 2026 жылға арналған Алматы облысы бойынша түрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жалғасатын болады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Алматы облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі

2026 жылғы 14 маусымға тағайындалған ауылдық округ әкімдерін сайлау
05 мая 2026

Қарасай ауданы

Алматы облысында қызметтік тәртіп пен әдепті нығайту бойынша жұмыс жүргізілді
30 апреля 2026

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің  4 – тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және  Әдеп кодексін сақтау, деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу мәселелері бойынша Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасында мемлекеттік қызметшілеріне ағымдағы жылдың 30 сәуір айында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында  үш бағытты қамтитын анонимді сауалнама жүргізілді: моральдық-психологиялық ахуал, қызметтік әдептің сақталуы, қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі.

2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған ауылдық округ әкімдерін сайлау
28 апреля 2026

Қонаев қаласы

Жамбыл ауданы

Райымбек ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы

Кеген ауданы

Ұйғыр ауданы

В Конаеве прошла церемония посадки первых деревьев экопарка «Барыс»
21 апреля 2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Оған өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 200 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 394 тонна қоқыс шығарылды.

Айтулы шараның бірі Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Онда 10 гектар аумақты қамтитын «Барыс» эко-паркінің негізі қаланып, алғашқы көшеттері отырғызылды. Игі шараға қала тұрғындары, Алматы облысының Қоғамдық кеңесі мүшелері жастар, мекеме қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қолына кетпен-күрек алып, экологиялық акцияға өз үлесін қосты.

«Қонаев қаласы – облыс орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқан шаһар. Сондықтан мұнда халықтың демалысына, салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. «Барыс» эко-паркі тек ағаш егетін орын емес, ол – қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи мәдени демалыс орталығы, жайлы қоғамдық кеңістік болмақ.

Мұндай игі шараларға қоғам белсенділерінің, ардагерлеріміз бен жалынды жастарымыздың атсалысуы көңіл қуантады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналықты ұстанған халқымыз үшін ағаш егу – ең сауапты істердің бірі. Бұл акция өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятады деп сенемін», – деді Марат Елеусізұлы. Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірімізде 220 мың ағаш егу жоспарланса, жыл басынан бері оның 22 мыңы отырғызылған.

Қала тұрғындары шаһардың көркейіп, дамуы ортақ жауапкершілік екенін айтып, игі бастамаға біркісідей атсалысты. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде парк аумағына 200 түп көшет егілді. Алдағы уақытта бұл жерге жалпы саны 5 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Жасыл-желек жайқалып өсуі үшін өңірдің климаттық ерекшелігі ескеріліп, төзімді әрі сәнді ағаш түрлері таңдап алынған. Одан бөлек мұнда жаяу жүргіншілер жолы, заманауи жарықтандыру жүйелері мен демалатын орындар жасалып, тұрғындар үшін жайлы ортаға айналмақ. Жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығы» маңында да эко-парк құрылып, онда 500 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Өтініштермен жұмыс жасау бойынша анықтама (2026 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы)
13 апреля 2026

Өтініштермен жұмыс жасау бойынша анықтама (2026 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы)

Оқыту семинары өткізілді
02 апреля 2026

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қантардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылы 1-ші тоқсанға  арналған үлгілік жұмыс жоспарын орындалуы үшін, 2026 жылдың 31 наурызында Алматы облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Қ. Токпейісов, полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.А. Коптлілеуова және дінтанушы Дүнгенбек Мадияр Жанғазыұлы Дін істері басқармасы  ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» Іле ауданында  және Алатау қаласы барды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің түсіндіру, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық, денструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу туралы мемлекеттік қызметкерлеріне оқыту семинары өткізілді.

Социальные сети
zhetysupress
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты