Алматы облысы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 30 наурызда Талғар ауданының № 4, 25 бірмандаттық сайлау округтерінде шығып қалған депутаттардың орнына өтетін сайлау бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталғандығы туралы хабарлайды.
Сайлау науқанының барысында 8 – кандидат ұсынылды. Оның 5-саяси партиялар, 3 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 6 – ер адам және 2 – әйел адам.
7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 1 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас -39 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында этнос өкілдері жоқ.
8 кандидаттың жоғары білімі бар.
Кандидаттардың 2-мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 5 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 5 наурызы сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.