Қазақстанның табиғи ресурстары бай және алуан түрлі. Ел мұнай мен минералды өндіру бойынша әлемдік нарықта бәсекелестік туғызады. Республиканың орман және су ресурстары пайдалы қазбалармен салыстырғанда аз санды құрайды.
Алматы облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 2,2 млн. га, оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 1,2 млн. га.
Мемлекеттік орман қорының ормандарын күзетуді, қорғауды, орман пайдалануды және молықтыруды орман шаруашылығының 7 коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Аңшылық шаруашылықтары мен су қоймаларының резервтік қорындағы жануарлар дүниесін қорғауды «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызметі» КММ қамтамасыз етеді.
Алматы облысының фаунасы бай және алуан түрлі. Бізге бағынышты аумақта марал, сібір козерогы, елік, қабан сияқты тұяқтылардың түрлері мекендейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерінен арқар, қарақұйрық, сілеусін, қар барысы, тянь-Шань қоңыр аюы және басқалары мекендейді. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері ҚР Зоология институты әзірлеген әдістемеге сәйкес ведомстволық бағынысты резервтік аумақтағы жабайы жануарлардың есебін жыл сайын жүргізеді.
Облысқа Балқаш көлінің акваториясының едәуір бөлігі кіреді, сонымен қатар Іле өзенінің атырауының 19 көл жүйесі, Қапшағай, Бартоғай, Қүрті су қоймалары және т.б. көптеген жергілікті су айдындары бар. Облыс су айдындарында сазан, дөнмандай, ақ амур, жайын, ақ марқа, көксерке, берш, жыланбас, қаракөз, табан, мөңке, алабұға мекендейді тау өзендерінде форель, осман және басқа балық түрлері кездеседі. Қызыл кітапқа енгендерден Іле маринкасы, балқаш алабұғасы, шип және т.б. мекендейді.