Алматы облысында 2025 жылы 76,7 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Алматы облысында 2025 жылы 76,7 мыңнан астам ағаш отырғызылды

2025 жылы Алматы облысында көгалдандыру және экологияны жақсарту мақсатында 76 703 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүргізілді.

Ең көп ағаш отырғызылған аймақ – Қонаев қаласы. Мұнда 12 446 түп ағаш отырғызылып, жасыл аймақтардың аумағы едәуір кеңейтілді. Екінші орында — Еңбекшіқазақ ауданы (9 429 түп), ал үздік үштікті Ұйғыр ауданы (6 190 түп) түйіндейді.

Сонымен қатар, көктемгі экологиялық акцияларға жалпы білім беретін мектеп оқушылары да белсенді атсалысты. Олар 11 237 түп ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Ағаш егу жұмыстарының аудан бойынша көрсеткіші төмендегідей:
• Жамбыл ауданы – 8 800 түп
• Іле ауданы – 5 693 түп
• Талғар ауданы – 5 660 түп
• Қарасай ауданы – 5 477 түп
• Балқаш ауданы – 4 670 түп
• Райымбек ауданы – 3 311 түп
• Кеген ауданы – 2 920 түп
• Алатау қаласы – 870 түп

Бұл көрсеткіштер – өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл белдеулер қалыптастыруға және ауаның сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Көгалдандыру жұмыстары жалғасады және жыл соңына дейін 41 970 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.