Тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

2025 жылғы 21 қаңтардан бастап, ҚР Премьер-Министрі «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына қол қойғанын хабарлайды.
Қаулыда азаматтарға бұрын берілген жалға берілетін сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді және азаматтар үшін жалғыз болып табылатын авариялық деп танылған жекешелендіру құқығын беру көзделген.
Жекешелендірудің қолданыстағы тетіктеріне сәйкес, азаматтар қалдық құны бойынша тұрғын үйді сатып ала алады немесе артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «бөліп төлеу» тетігін таңдау кезінде бастапқы жарна 30 %-дан, 10%-ға дейін төмендетілді. Сондай-ақ қалдық құны 15 млн. теңгеден асатын тұрғын үйлер үшін бөліп төлеу мерзімі 15 жылға дейін ұлғайтылды.
Бөліп төлеу механизміндегі есептеу мысалдары:
Тұрғын үйдің қалдық құны-9 млн. теңге, бастапқы жарна 900 мың теңге. Бөліп төлеу мерзімі 10 жылға дейін таңдаған кезде ай сайынғы төлем-67,5 мың теңгені құрайды.
Тұрғын үйдің қалдық құны -16 млн. теңге, бастапқы жарна-1,6 млн.теңге. Бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін таңдаған кезде ай сайынғы төлем-80 мың теңгені құрайды.