Қонаев қаласында «World Clean Up Day» халықаралық акциясы және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Шараға қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар және ардагерлер белсене қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық аумақтар абаттандырылды, бордюрлер сырланып, көшелер мен саябақтар тазартылды.
Акцияның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Мұндай игі бастамалар қала тұрғындарын біріктіріп, туған жердің тазалығы мен жайлылығын сақтауға ортақ үлес қосуға мүмкіндік береді.