Алматы облысы мен Оңтүстік Корея экология саласындағы әріптестікті нығайтуда

Алматы облысы мен Оңтүстік Корея экология саласындағы әріптестікті нығайтуда

 

2025 жылғы 9 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары А.Д. Масабаевтың төрағалығымен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі, «Loen consulting Co. Ltd» және Future M-Gas компаниялары өкілдерінен құралған Оңтүстік Корея делегациясымен кездесу өтті. Жиын барысында Қарасай ауданындағы Айтей ауылында орналасқан полигонда қалдықтарды көму кезінде түзілетін қоқыс (парниктік) газынан электр энергиясын өндіру жобасын жүзеге асыру аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы өңірдің орнықты дамуына маңызды қадам болмақ, зиянды шығарындыларды азайтып, халықты «таза» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кездесу барысында «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері де қарастырылды.