Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілімен өткен семинар бойынша ақпарат

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілімен өткен семинар бойынша ақпарат

        2022 жылдың 10 қарашасында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілі Жайық Мейрамбекұлы Таймерденов Алматы облысының жер қатынастары басқармасы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өткізді.

       Семинардың мақсаты – адамдар сыбайлас жемқорлықтың салдарынан қандай қиындықтарға тап болатынын, адами құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қоюды және адал қызмет етуді түсіндіру.

      Сонымен қатар, Жайық Мейрамбекұлы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа бейімді салалар жөнінде сөз қозғады, шынайы өмірде болған оқиғаларға негізделген әсерлі бейнероликтермен бөлісті.

      Семинар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тыныш ұйқы мен келер ұрпақтың жарқын болашағының кепілі екенін алға тартты.