Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер пайдалану құқығы қандай негіздер бойынша тоқтатылады?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

  1. Учаске берілген мерзімнің аяқталуы;
  2. Жер учаскесі кепілде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін жалдау шартының немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартының мерзімінен бұрын тоқтатылуы;
  3. Жер пайдаланушыға қызметтік жер телімі берілуіне негіз болған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстің 41-бабы);
  4. Жер пайдаланудың алғашқы бес жылдық мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру.