«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

 

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

          "Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2025 жылдың 03 наурыздағы №05 н-қ "Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-сі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2024 жылғы  2024 жылғы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2024 жылғы төртінші тоқсандағы жұмыс кезеңі қамтылды.

          Бөлім өз қызметін Жамбыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы №74 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырады.

          Ережеге сәйкес Бөлімнің миссиясы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                              19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

          1.Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

          1.1. Бөлім өз қызметінде негізінен келесі құқықтық актілерді басшылыққа алады:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын;       

2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;         

3) Қазақстан Республикасының  Әкімшілік  Рәсімдік Процестік Кодексін;   

4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;           5) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;         6) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;         

7) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

8) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;        

9) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;      

10) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын; 

11) «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы;

12) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы              №648 қаулысын;

13) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысын;         

14) «Бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және салқын суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысын;         

15) «Мемлекеттік органдардың аппараттарын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысын;   

16) «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының қызметтік іссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысын; 

17) Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысын;    

18) «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығын;         

19) «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығын;      

20) «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығын;

21) Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығымен бекітілген «асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары», 14.07.2017 жылғы №295 бұйрығын;

22) Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) құнын субсидиялау ережесі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №33 Бұйрығын;

23) Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің Орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 05 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын;

24)  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 08 желтоқсандағы №6-4/10-72 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын;

25) Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары;

26) «Жайылым туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47- VI Заңын.

 

2.Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша(қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

 

"Ауыл аманаты "жобасын іске асыру шеңберінде" халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасының "кешенді жоспарын (бұдан әрі - бағдарлама) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №218 Пастондауына сәйкес. "Ауыл аманаты" – Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба, ол                 "күшті өңірлер-ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына кіреді.                         "Ауыл аманаты" бағдарламасы ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған. Жоба ауылдарды дамытудың жаңа драйвері деп аталды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: Жамбыл ауданындабағдарламаны іске асыру пилоттық түрдегі өкіммен бекітілген,талапта қақтығыстарбар, атап айтқанда міндетті кепілмен қамтамасыз етуде бұдан басқа қарыз алушының жасына шектеулер(жасы зейнеткерлік жасқа жетпеуі тиіс),Ауылшаруашылығын жүргізу үшін қажетті шарттардың болуы(жеручаскесі,сарай) белгіленді.Жоғарыда айтылғандарға сәйкес мүдделер қақтығысы шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының алғы шарттары бар.

Ұсынылады: бұрын құрылған мемлекеттік бағдарламалардың және шағын және орта бизнесті дамыту бойынша табысты құрылған бағдарламалардың тәжірибесін ескере отырып (БЖК-2020 бұдан әрі-БЖК-2025). Цифрландыру, ашықтық, қаржыландыру, логистика және білім беру жағдайларын жақсарту "Ауыл Аманаты" бағдарламасын оңтайландыру қажет. Осы шараларды енгізу бағдарламаның тиімділігін және оның ауыл тұрғындары үшін нақты пайдасын арттырады.

БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАСЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

3.1.Персоналды басқарубағыты бойынша:

  1. «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу және тағайындау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
  2. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен тағайындау «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес жүзеге асады.
  3. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ішкі немесе жалпы конкурс жарияланған уақытта, хабарландыруда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың ғана құжаттары қабылданады. Өзге жағдайларда құжат тапсырған тұлғаға бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің мамандарымен хабарланады. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алғамаған.
  4. Әңгімелесудің сұрақтары мемлекеттік және орыс тілдерінде бос лауазымға жарияланған хабарландыруда көрсетілген функционалдық міндеттерге, мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарға, ситуациялық жағдайларға байланысты бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысының келісімімен әзірленеді және әңгімелесуге бір күн қалған уақытта «Е-қызмет» жүйесіне енгізіледі.
  5. Әңгімелесуге қатысқан кандидаттарға әркелкі жағдай жасау фактілері анықталмады. Әңгімелесудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, әңгімелесу байқаушының қатысуымен және видеожазба жүргізу арқылы өткізілген.
  6. Жұмысқа қабылданған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған лауазымды адамдардың мүдделер қақтығысы фактілері анықталмады.
  7. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс арқылы немесе ауысу тәртібімен тағайындау «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес жүзеге асады.
  8. Мемлекеттік қызметшілерді ішкі конкурспен жоғары лауазымға тағайндау кезінде алынбаған тәртіптік жазалары бар жағдайлар орын алмаған.

3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша:

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының талаптарын ескере отырып, жақын туысқандар лауазымы бойынша тікелей бағынуы, сол сияқты бір аудан аясында жақын туыстардың негізгі басшы лауазымдарын атқаруы, сонымен қатар, аталған тұлғалардың заңсыз шешімдерді қабылдау фактісі орын алмаған.

2) Мүделлер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функциялар аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөліміне жүктелген.

3) Мүдделер қақтығысы бойынша ақпарат тоқсан сайын «Жамбыл ауданы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметі бөліміне» ақпарат тапсырылады.

4) «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

5) Мемлекеттік сатып алу процедурасын талдау (тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер)барысындаүлестес фактілер анықталған жоқ.

6) Жақын туыстардың, жұбайлардың және туыстардың бірлескен қызмет ету (жұмыс) фактілерін анықтау үшін қызметкерлердің жеке құжаттарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондай  фактілеранықталған жоқ.

 

2025 жылғы 01 қаңтардағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 4 адамды құрайды.

Кадрлардың айналымын талдау барысында мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

Бөлімнің Мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;

2)Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ сенімхат бойынша өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқаратын адамдарды тіркеу;

3)Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге беруді мемлекеттік тіркеу;

4)Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

5) Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың ауыртпалықтарының болмауы (болуы) туралы ақпарат беру;

Талдау жүргізілетін кезеңде бөліммен 410 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталған жоқ.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.

3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша:

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыз айындағы № 74 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы  бөлімінде» рұқсат беру  функциялары жоқ.

 

3.5.Бақылау функцияларын  іске асыру бағыты бойынша:

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыз айындағы №74 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде» бақылау функциялары жоқ.

 

3.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесіне 2024 жылы 462001015 бағдарламасына 44 млн. 666 мың теңге қаражат бөлінді.

 

3.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесі 2024 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 57 заңды тұлғалармен келісім шарттар жасасқан, нәтижесінде үлестес фактілер анықталған жоқ

 

 

3.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:Ақпараттық жүйелердің жұмысын талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталмады.

 

3.9.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылыққызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша:

2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан Е-өтініш бірыңғай платформасына барлығы 40 өтініш түскен. Өтініштердің  барлығына жауабы берілген. Жауабы берілген өтініштердің ішінде 40 қанағаттандырылып,                     3 өтініш өз құзыреті шегінде қарастыру үшін басқа мемлекеттік мекемелерге жолданған. 

Талдау барысында Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік сатып алулары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының нормаларына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына» сәйкес жүргізілетіні анықталды. Қарастырылып отырған кезеңде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 57 мемлекеттік сатып алу жүргізілген.

  1. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Талдау көрсеткендей, бірінші жартыжылдықта бөлім өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс жүргізбеген.

Әр жылдың қорытындысы бойынша Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылады.

  1. Жоғарыда айтылғандардың негізінде " Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысына кеңес береміз:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелін және көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығын төмендету мақсатында уәкілетті немесе жоғары тұрған органға көрсетілетін қызметті беруші тарапынан көмек алуға барлық көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі мен кезектілік тәртібін ұсынуға ұсыныс беруге міндетті.

2) әр жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты көрсеткені үшін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік туралы қызметкерлер арасында мерзімді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелін талдауға.

6.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып:

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып: Бұрын құрылған мемлекеттік бағдарламалардың және шағын және орта бизнесті дамыту бойынша табысты құрылған бағдарламалардың тәжірибесін ескере отырып (БЖК-2020 бұдан әрі-БЖК-2025). Цифрландыру, ашықтық, қаржыландыру, логистика және білім беру жағдайларын жақсарту "Ауыл Аманаты" бағдарламасын оңтайландыру қажет. Осы шараларды енгізу бағдарламаның тиімділігін және оның ауыл тұрғындары үшін нақты пайдасын арттырады. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде ұсынымдардың орындалуы бойынша мониторингті жүзеге асырсын.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Бас маман, жұмыс тобының жетекшісі          Қасқарауова Бақыт Еркимбайқызы                                                                                                 

Жұмыс тобының мүшелері:

Бас маман                     Тойшибеков Қайрат Джандаулетұлы                                                                                     

Бас маман                     Турсунов Бекжан Даутханұлы

 

"Жамбыл" ӨК басшысы         Найманханов Ғабиден

Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы      А.Нурпеисов