Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру
- Жамбыл ауданы әкімінің аппараты 2025 жылдың сәуір айының 29 күні сағат 11-00 де Ұзынағаш ауылы, Абай №56 көшесі (аудандық әкімдік ғимараты, 1 қабат, 22 кабинет) мекен-жай бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына Конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
- Конкурсқа келесі бағыттар қойылады:
ЛОТ №1
№5 бағытта «Ұзынағаш ауылы – Қазыбек бек бекеті», №6 бағытта «Ұзынағаш ауылы – Бесмойнақ ауылы, №7 бағытта «Ұзынағаш ауылы – Дегерес ауылы».
- Конкурсқа меншік түрінен тәуелсіз, өзінің жеке меншік немесе басқа заң негіздерінде автокөлікке иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалардың қатысуға құқығы бар.
- Конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттардың жиынтығын алу үшін Ұзынағаш ауылы, Абай №56 көшесі (аудандық әкімдік ғимараты, 1 қабат, 22 кабинет) мекен жай бойынша жазбаша өтініш ұсынуға міндетті.
- Конкурстық құжаттар жиынтығын алуға өтініш өткізудің және Конкурсқа қатысу өтініштерін қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың сәуір айының 22 күніне дейін.
6. 2025 жылдың сәуір айының 16 күні сағат 11-00 де Ұзынағаш ауылы, Абая №56 көшесі (аудандық әкімдік ғимараты, 1 қабат, 22 кабинет) конкурстық Комиссия конкурс өткізудің мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.