Құрметті Жамбыл ауданы мен Үлкен ауылының тұрғындары!
2016 жылғы 12 қаңтардағы «Aтом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сəйкес «Алматы облысы, Жамбыл ауданында АЭС салу жоспары туралы» жария тыңдау өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Тыңдаудың мекен-жайы мен орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы орта мектебінің мəжіліс залы.
Тыңдауды өткізу күні мен уақыты: 2023 жыл 22 тамыз сағат 11:00-де.
Қатысушыларды тіркеу жеке куəлік бойынша сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүзеге асырылады (өзімен бірге жеке куəлік болуы қажет).
Сіздерді қатысуға шақырамыз!
Алматы облысы Жамбыл ауданының əкімдігі.