Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың борышы» атты эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен  мемлекеттік қызметкерлер  арасында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың борышы» атты эссе байқауының  ЕРЕЖЕСІ

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады.

Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында Жамбыл ауданы тұрғындары арасында эссе жазу  байқауы ұйымдастырылады.

         Байқаудың ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі «Жетісу жастары ұйымының Конгресі » қоғамдық бірлестігі

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалаудың бұлтартпастығы туралы түсініктерін және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Байқаудың шарттары мен өткізілу тәртібі:

  1. Байқау 2026 жыл маусым айының 8-23 аралығында өтеді.
  2. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және қорытынды кезең.

- Іріктеу кезеңі:  8-15 маусым аралығында ішкі саясат бөлімінде өтеді.  Жұмыстар 15 маусым  күнгі сағат 17:30-ден кейін қабылданбайды.

- Қорытынды кезең: 23 маусым  күні аудандық әкімшілікте  өтеді.

  1. Байқауға Жамбыл ауданының кез келген мемлекеттік қызметші    қатыса алады.
  2. Эссе «Times New Roman», 14- шрифтпен А-4 форматындағы 2 беттен аспауы тиіс (қағаз және электронды нұсқасы қажет).
  3. Байқауға жіберілетін жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
  4. Эссені бағалау барысында келесі шарттарға ерекше көңіл аударылады:

- мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;

- авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы, безендіру шеберлігі, қызық идеялар мен жарқын бейнелердің болуы;

- мақаланың құрылу тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.);

- мәтін  құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)

    Байқауды  қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.

- Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін Қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы тарап анықтап, бекітеді.

-   Байқау қорытындысы бойынша Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділқазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.

-   Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Бағалау көрсеткіші 5-10 балл аралығы.

Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.  

Байқау жеңімпаздарын марапаттау

 -  Байқау қорытындысы  аудандық  «Атамекен» газетіне, әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады, 23 маусым күні өтетін шарада марапатталады.

 Ұсынылатын   материалдар мына мекен-жайға жолдануы тиіс:

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл аудандық Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі 56 (аудандық әкімдік ғимараты).

Байланыс телефондары: 8(72770) 2-13-55, 2-24-31.

e-mail: ovp_zhambyl77@mail.ru

 Қосымша ақпарат:

        Байқауға қатысушылар төмендегі кестені толтырып, қосымша ақпараттарды (жеке куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты  мекен-жай анықтамасы) жұмысымен бірге өткізуі тиіс.

 

Үлгі

Қатысушының аты-жөні

Туған күні, айы, жылы

Ауданы, жұмыс орны

Эл. пошта

Байланыс телефоны

1.

 Бекжанова Акмарал Айдарбекқызы

03.12.1998ж

 Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 bekezhanovaakmaral@gmail.com

 87788111111